Жаңалықтар

Абай университетінде Hi-Tech Minor бағдарламасы енгізілді

Абай университетінде Hi-Tech Minor бағдарламасы енгізілді
Фото: Ғылым және жоғарғы білім министрлігі 11.02.2024 04:29 383

2023-2024 оқу жылынан бастап Абай университетінде бакалавриат деңгейі үшін «Жоғары технологиялар (HI-TECH)» Minor бағдарламасы енгізілді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл бағдарлама әртүрлі салаларда заманауи және озық технологияларды оқытуға бағытталған.

Minor бағдарламасы аясында студенттер «Желілік технологиялар және заттар интернеті (IoT)», «Жасанды интеллект технологиясы мен әдістері», «Иммерсивті технологиялар», «GameDev негіздері» секілді пәндердің мазмұнымен танысады.

Пәндердің мазмұнын Coursera платформасында әзірленген курстармен үйлестіруді негізге ала отырып, Математика, физика және информатика институты информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының профессорлары әзірлеген.

Сондай-ақ, 2023-2024 оқу жылында «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасында «Жасанды интеллект жүйелері» элективті пәні оқытылып жатыр.

Жаңа 2024-2025 оқу жылынан бастап Абай университетінің барлық білім беру бағдарламаларына «Жасанды интеллект негіздері» пәні енгізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға