Жаңалықтар

Абай облысының ТЖД: Қаракөл ауылындағы үйлерді су басу қаупі жоқ

Абай облысының ТЖД: Қаракөл ауылындағы үйлерді су басу қаупі жоқ
Фото: Видеодан кадр 27.03.2024 01:18 389

Жаңасемей ауданы Озерки ауылдық округінің Қаракөл ауылындағы жағдай тұрақты. Бұл туралы Абай облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Азамат Орымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

26 наурыз сағат 23.00-дегі жағдай бойынша еріген қар суын уақытылы бұру шараларының нәтижесінде аулалардағы су деңгейі азайды. Тұрғын үйлер мен аула аумақтарын су басу қаупі жоқ.

Қазіргі жағдайды бақылау үшін жергілікті атқарушы органның және Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары сол жерде қалады. 

Зардап шеккендер жоқ, жағдай тұрақты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға