Жаңалықтар

Абай облысының шаруаларына арнайы семинар өткізілді

Абай облысының шаруаларына арнайы семинар өткізілді
Фото: Абай облысының әкімдігі 13.02.2024 03:41 321

Абай облысының Үржар ауданында шаруа қожалық иелеріне арналған «Көктемгі егістік науқанына дайындық жұмыстары, жеңілдетілген пайызбен берілетін несиелер және лизингке ауылшаруашылығы техникаларын алу жолдары» туралы семинар өтті, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Семинар барысында тұқым, гербицид, пестицид, минералды тыңайтқыштар сататын ұйымдар, күнбағыс гибридтері, гербицидтер, майлы дақылдар гибридтері, гербицидтер, ауылшаруашылығы техникаларын сататын, қаржылық институттардың өкілдері түсініктеме жұмыстарын жүргізді.

Семинарға «Азық түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ, «Некрасовка и К» тұқым шаруашылығы, «Алем Агро Холдинг» ЖШС, «Астана-Нан» ЖШС, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «БанкЦентрКредит» АҚ, «КазАгроФинанс» АҚ Абай облысы бойынша филиалы, «Семаз» және т.б. қатысты.

Жиында аталған саладағы өзекті мәселелер талқыланып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға