Жаңалықтар

Абай облысының әкімі жұбайымен бірге бейнебаянға түсті

Абай облысының әкімі жұбайымен бірге бейнебаянға түсті
Фото: Видеодан алынған кадр 18.09.2023 14:19 932

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен оның жұбайы Семей туралы бейнебаянға түсті,

Әннің тұсаукесері 17 қыркүйек – Қала күнінде өтті.

Семейде Қала күні ерекше аталып өтті. Демалыс күні Орталық алаңда мерекелік концерт ұйымдастырылып, Диаз Мұсалимов «Сем-Семей» әнін көпшілік назарына ұсынды.

Артында видео YouTube-те пайда болды. Онда Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен жұбайы түсіп, әннің қайырмасын орындаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға