Абай облысының азаматтары мемлекеттік наградалармен марапатталды
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді![Абай облысының азаматтары мемлекеттік наградалармен марапатталды Абай облысының азаматтары мемлекеттік наградалармен марапатталды](/storage/storage/element/2022/09/30/mainphoto/10376/1200xauto_0BRwW3i1BFR1kG29Pzz69sjpgj6tE199dE4CvbFp.jpg)
Мемлекет басшысының 29 қыркүйектегі №1027 Жарлығымен Абай облысының бірқатар азаматы елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін марапатталды, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі №1027 Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:
«Парасат» орденімен «Абай атындағы театр» КМҚК артисі Бекен Имаханов;
«Парасат» орденімен еңбек ардагері Амантай Мұқатаев;
«Құрмет» орденімен «Семей цемент зауыты» ӨК» ЖШС кран машинисі Светлана Александровна Пономарева;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Қайнар Агро» ШҚ суару машиналарының операторы Михаил Михайлович Лебедев;
«Шапағат» медалімен «Көкпекті жолдары» ЖШС директоры Гүлназ Құдайбергенқызы Нұрғалиева наградталды.
![Telegram](https://el.kz/static/site/images/tel26.png)