Жаңалықтар

Абай облысындағы өртті сөндіру үш бағытта жүргізіліп жатыр

Абай облысындағы өртті сөндіру үш бағытта жүргізіліп жатыр
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 12.06.2023 01:05 788

Қазіргі уақытта Абай облысындағы өртті сөндіру үш бағытта жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.   

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, шығыс бағытта ауыр техникамен минералданған жолақтар жасау жұмыстары жалғасуда.

Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 500-ге жуық адам, 300-ден астам бірлік техника жұмылдырылған.

Сонымен қатар өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына әуеден су төгуді жүзеге асыру үшін 14 тікұшақ тартылды. Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 621 рет су төгілді, жалпы көлемі 1 900-ге жуық тоннаны құрайды.

Бұдан басқа, ТЖМ-ге хабарлама келіп түскен сәттен бастап оқиға орнында ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы филиалдарының бригадалары қызмет көрсетуде.

Қазіргі уақытқа дейін жедел желіге 104 қоңырау түсті. ТЖМ және ТЖД жедел желі телефондары: 8 7172 53 32 84, 8 722 235 38 31.

Метеожағдайдың өзгеруіне байланысты (желдің екпіні секундына 18 метрге дейін) өрт төменгі бөлікте өрбіп өрт ошағынан  Талица ауылына қарай бағыт алды, ауылды қорғауға өрт техникасы жұмылдырылды. Ауыл тұрғындары алдын ала эвакуацияланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға