Жаңалықтар

Абай облысындағы өрт: тағы бір адам іздестіріліп жатыр

Абай облысындағы өрт: тағы бір адам іздестіріліп жатыр
Фото: oo_osa_semey_vko 12.06.2023 09:13 828

Абай облысында тағы адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Далон орман шаруашылығының тракторшысы, 1987 жылы туған Архипов Сергей Николаевич Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде жоғалып кетті. Ол 9 маусымнан бері байланысқа шықпаған.

Іздеу жұмыстарына көмектесуді сұраймыз. Далон филиалынан Каштакқа өрт сөндіруге кеткен. Соңғы рет байланысқа 9 маусымда шыққан. Содан бері хабар-ошарсыз. Мына байланыс нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз: +7 771 582 2159, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға