Жаңалықтар

Абай облысындағы өрт: қаза тапқандардың отбасыларына тұрғын үй беріледі

Абай облысындағы өрт: қаза тапқандардың отбасыларына тұрғын үй беріледі
Фото: instagram.com/abaioblysytjd 13.06.2023 10:01 615

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Абай облысындағы ірі табиғи өртті жою және одан зардап шеккен отбасыларға қажетті қолдау шараларын көрсету мәселелері жөнінде жедел кеңес өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін өрт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына 7 миллион теңгеден берілетіні және әр балаға 2 миллион теңгеден берілетіні айтылған. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қаза болғандардың отбасыларына мынадай қолдау шаралары көрсетіледі:

1) отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне (кәмелетке толмаған балаларға) республикалық бюджеттен асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы;

2) отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу бойынша біржолғы әлеуметтік төлемақы;

3) қажетті жиһазбен жабдықталған тұрғын үймен қамтамасыз ету;

4) БЖЗҚ-дан жерлеуге арналған біржолғы төлем.

Сондай-ақ несиелерді есептен шығару үшін қайтыс болған адамдар мен олардың отбасыларының несиелік жүктемесі анықталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға