Жаңалықтар

Абай облысындағы өрт: орман шаруашылықтарының 14 қызметкері іздестірілуде

Абай облысындағы өрт: орман шаруашылықтарының 14 қызметкері іздестірілуде
Фото: t.me/KZgovernment 09.06.2023 17:05 436

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Абай облысындағы табиғи өртті сөндіру жөніндегі ТЖМ Ахуалдық орталығының базасында Жедел республикалық штаб отырысын өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Отырыс барысында оқиға орнынан облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Марат Күлдіков баяндама жасады.

9 маусым күні сағат 16:00-дегі жағдай бойынша өртті сөндіруге жеке құрамнан 662 адам және 177 техника, 6 тікұшақ жұмылдырылған. Авиациялық техникамен өртті сөндіру үшін 80 рет жалпы көлемі 192 тонна су шашылды, - делінген мәліметте.

Ресми мәлімет бойынша, қазіргі уақытта орман шаруашылықтарының 14 қызметкерімен байланыс үзілген. Оларды іздеу шаралары жүргізілуде.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Астана қаласы және Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменттерінен қосымша 133 адам және 48 техника, сондай-ақ 4 тікұшақ жіберу туралы шешім қабылданды, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға