Жаңалықтар

Абай облысындағы өрт кезінде 50-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді

Абай облысындағы өрт кезінде 50-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді
Фото: Абай облысының әкімдігі 11.06.2023 15:55 958

Абай облысындағы өрт кезінде Озерск ауылдық округінің үш елді мекенінен 50-ге жуық адам Семей қаласына уақытша көшірілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қауіпсіз жерге көшірілген адамдар арасында 1 мен 14 жас аралығындағы 13 бала бар. Балалар мен ата-аналар жатахана, колледж ғимараттарына орналастырылып, барлық қажетті заттармен толық қамтамасыз етілгені айтылды. 

Бүгін бұл отбасылар үшін кинотеатр мен биологиялық орталықта әртүрлі көңіл көтеретін шаралар ұйымдастырылады. Төтенше жағдайдан жетім және ата-анасыз қалған балалар ұйымдары, жазғы демалыс орындары зардап шекпегені белгілі болды. 

Өңірдегі төтенше жағдайға байланысты Абай облысының білім басқармасы, аудандық білім бөлімдері және өңірдегі балалар құқықтары жөніндегі өкілі тәулік бойы кезекшілікке бекітілді. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға