Жаңалықтар

Абай облысындағы өрт: Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ

Абай облысындағы өрт: Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 13.06.2023 19:48 917

Қазіргі кезде Абай облысында тартылған күштер мен құралдармен өртті сөндіру жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жедел штабтың мәліметінше, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Сондай-ақ тартылған тікұшақтар өрт аумағын аэровизуалды тексеруді және өрт ошақтарына су ағызуды жүзеге асыруда. Өрт басталғалы бері барлығы 1450 рет көлемі 4 000 тоннадан астам су ағызылды.

Табиғи өртті жою орнында Төтенше жағдайлар министрінің байланыс торабы және жедел штабқа арналған жұмыс орындары ұйымдастырылды. Оларды байланыстың барлық түрлерімен (телефон, радио, ұялы және спутниктік байланыспен) қамтамасыз ете отырып, жылжымалы басқару пункті орналастырылды.

ТЖМ авариялық-құтқару бөлімшелерін және азаматтық қорғау қызметтерінің берілген күштерін жедел басқару үшін ұялы байланыс желілері мен деректерді беру арналарының жұмысын қамтамасыз ете отырып, радиожелінің УҚТ және байланыс қызметінің телекоммуникациялық инфрақұрылымы орналастырылды.

ТЖМ Дағдарыс жағдайларында басқару орталығымен тәулік бойы бейнеконференцбайланыс жұмысы ұйымдастырылды.

Осы уақытқа дейін жедел желі телефонына 170 қоңырау келіп түсті. ТЖМ және ТЖД жедел желісінің телефондары: 8 7172 53 32 84, 8 7222 35 38 31.

"Қазгидромет" АҚ деректері бойынша 14 маусымға ауа-райы болжамы: жауын-шашынсыз, солтүстік, солтүстік-шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады деп күтілуде, ауа температурасы түнде +8+130С, күндіз +20+250С.

15 маусымда жауын-шашынсыз, солтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 17-22 м/с болады деп күтілуде, түнде ауа температурасы +5+100С, күндіз +23+280С.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға