Жаңалықтар

Абай облысындағы елді мекендерінің бірінде су тасқынына ауыр техника жұмылдырылды

Абай облысындағы елді мекендерінің бірінде су тасқынына ауыр техника жұмылдырылды
Фото: Абай облысының әкімдігі 31.03.2024 12:47 321

Абай облысындағы су тасқыныны байланысты Көкпекті ауданындағы елді мекендерінің бірінде су тасқынымен күресу мақсатында ауыр техника жұмылдырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ажа ауылында еріген қар суының ауылға кірудің алдын алу мақсатында эксковатормен су жолын жүруі мүмкін 2 км жолға бөгеу жұмыстары жүргізілді.

Бұл жұмыстарға 3 бірлік техника, 12 адам жұмылдырылды. Қазіргі уақытта Ажа ауылына су басу қаупі жоқ. Аталған орында кезекшілік ұйымдастырылып, су деңгейі бақылауда, - деп жазды өңір әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға