Жаңалықтар

Абай облысындағы барлық жол полицияның бақылауында

Абай облысындағы барлық жол полицияның бақылауында
Фото: Видеодан кадр 10.02.2024 23:11 560

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар аймақтарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі. 

— Алматы - Өскемен;
— Семей - Ресей Федерациясының шекарасы (2-113 шақырым);
— Семей қаласы - Ресей Федерациясының шекарасы (111 шақырым)жол учаскесі.

Семей - Шемонайха автожолында көлік кептелісі болды.
 
Семей - Алматы бағытындағы автожолда жолдың жиегіне шығып кету дерегі тіркелді. 42 жастағы жүргізуші қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, жолдың жиегіне шығып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге көмек көрсетілді, көлік кюветтен шығарылды.

Полиция азаматтардан елді мекендерден шықпауын сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға