Жаңалықтар

Абай облысындағы әйелдер колониясында жазасын өтеуші некесін қиды

Абай облысындағы әйелдер колониясында жазасын өтеуші некесін қиды
Фото: © Polisia.kz 20.10.2023 15:46 867

Абай облысындағы әйелдер колониясында жазасын өтеуші некесін қиды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысы бойынша әйелдер колониясында сотталған Маринананың сүйіктісімен неке қиюы тіркелді.

Мен сүйіктімді көптен бері білемін, бірақ ол жақын жерде болған кезде бізде отбасын құру туралы ой болған жоқ. Бірақ қашықтық бізді жақындатты. Біз бір-бірімізге қаншалықты қажет екенімізді түсініп, жалғыз дұрыс шешімді таптық. Қарым-қатынасымызды заңдастырып, некемізді тіркедік. Мекеме әкімшілігі бүгін бізге ерекшелік жасап, неке жүзіктерін пайдалануға рұқсат берді. Болашаққа жоспарымыз көп, – дейді сотталған Марина.

Жастар көп жылдан бері таныс, Марина колонияға екі ай бұрын Өскемен қаласынан келген. Оның сүйіктісін оның жаза мерзімінің енді ғана басталуы да тоқтатпады, оның үстіне аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталған Марина алкоголдік масаң күйде танысын өлтіріп, оған пышақ жарақатын салды, сол жерде қайтыс болған.

Некені тіркегеннен кейін жас жұбайлар бірінші ұзақ кездесуге құқылы. Жыл басынан бері әйелдер колониясында үш сотталған отау құрды, – деп түсіндірді сотталғандардың арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Қайранова Ақмарал Болатбековна.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға