Жаңалықтар

Абай облысында жол жабылды

Өңірдегі республикалық маңызы бар күре жолдардағы қозғалыс уақытша тоқтатылды
Абай облысында жол жабылды
Фото: 24.kz 08.12.2022 01:09 891

Абай облысының республикалық маңыздағы күре жолдарында қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

Абай облысының барлық республикалық автомобиль жолдарындағы қозғалыстың уақытша шектелгені белгілі болды.                           

2022 жылғы 7 желтоқсан сағат 22.30-дан бастап ауа температурасының -30 С-тан төмен болуына байланысты жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін облыстағы дизельмен жүретін және жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Төмендегі тасжолдар жабық: «Семей-Ресей Федерациясының шекарасы»; «Семей-Қайнар»; «Омбы-Майқапшағай» 587-733 шақырым арасы (Павлодар облысының шекарасынан Семей қаласына дейін) және 756-906 шақырым арасы (Семей қаласынан Қалбатау ауылына дейін), - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға