Жаңалықтар

Абай облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Абай облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 14.08.2023 23:00 765

Абай облысының Үржар ауданында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, 14 тамыз сағат 05:38 шамасында Toyota Land Cruiser жүргізушісі Таскескен-Бақты тас жолынан 200 метр қашықтықта Ақжар ауылында Абылайхан даңғылы арқылы жүріп келе жатып, VANHOOl жолаушылар автобусымен соқтығысты.

Toyota жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Автобус жүргізушісі аурухнаға жатқызылды.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға