Жаңалықтар

Абай облысында жанар-жағармай тапшылығы жоқ

Абай облысында жанар-жағармай тапшылығы жоқ
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 11.07.2023 04:22 819

Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Рүстем Ворошилов аймақ бойынша барлық жанар-жағармай құю стансалары штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық әкімдік мәліметінше, бензин жетіспейтін аудандарға қосымша отын жіберілген.

Қазіргі уақытта жанармай қатысты жағдай тұрақты және барлық ЖҚС штаттық режимде жұмыс істейді. Өткен аптада Үржар және Аягөз ауданындағы мәселе бақылауда және облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жедел түрде шешілді. Аягөз қаласына 36 тонна, Үржарға 50 тонна АИ-92 маркалы бензин жөнелтілді. 100 тонна жанармай жеткізу жалғасуда. Бұл аудандағы барлық қажеттілікті жабады, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ Рүстем Ворошилов бензинге қатысты шектеуді «ҚазМұнайГаз» мекемесі қабылдағанын хабарлады.

Шектеуді «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы енгізді, жергілікті атқарушы орган мұны реттемейді. Алайда, мәселені тезірек шешу үшін біз көмек көрсетіп, АИ-92 бензинін жеткіздік. Бүгінде жанармай құю станциялары штаттық режимде жұмыс істеп тұр, - деп атап өтті ол.

Абай облысында 125 ЖҚС жұмыс істейді. Оның ішінде 109 жанармай құю станциясы дизель отынын сатады.

Облыстағы 19 мұнай базасында бүгінде: жазғы дизель отыны-7 704 тонна, қысқы дизель отыны-22,4 тонна, АИ-92 – 4 937 тонна, АИ-95-731 тонна, газ-822,6 тонна қоры бар.

Бүгінгі күні 21 жанармай құю станциясында жазғы дизель отыныны жоқ (оның ішінде 6 шағын жанармай құю станциясында, сақтау орындарының болмауына және алдын ала төлем жасау мүмкіндігі жоқ), 1 жанармай құю станциясында АИ-95 маркалы бензин, АИ-92 маркалы бензин тапшылығы байқалмайды. Үржар ауданында газ құю стансасында көгілдір отын жоқ (газға өтінім берілді, 11 шілдеде жеткізіледі).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға