Жаңалықтар

Абай облысында жаңа футзал клубы құрылды

Абай облысында жаңа футзал клубы құрылды
Фото: Абай облысының әкімдігі 27.08.2023 21:36 426

«Semey» футзал клубының ресми тұсаукесері команданың жаңа маусымға толығымен дайын екен көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа клубтың таныстыруына Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, спорт ардагерлері, «Елімай» футбол командасының мүшелері және облыс тұрғындары қатысты.

Жиналған қауымға арнайы шоу-бағдарлама ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Semey» МФК мен «Елімай» командасы арасында жолдастық кездесу өтті.

Атап өтсек, бұл ойынға 2004 және 2008 жылдардағы футзалдан әлем чемпионатының үздік ойыншысы, Фалькао атымен танымал Алесандро Роза Виейра арнайы қатысты. Әлемге атақты футболшы жолдастық кездесуде «Елімай» ФК құрамында ойнады.

«Semey» футзал клубы 2023 жылы шілде айында құрылған. Клуб Қазақстан мен Бразилияның жас футзалшылардың басын қосты. Олардың қатарында Жомарт Тоқаев, Шыңғыс Есенаманов, Райымбек Жұма, Кайо Торрес, Джайми Эвалди-Книис, Андерсон Дедесиньо, Роллан Атантаев бар.

Команда жетекшісі – Дави Мендонса. Ол «Канинде», «Конфиенса», «Эдукар де Глория», «Колония Трезе», «Итапоранга», «Сиара» сынды бразилиялық клубта үлкен тәжірибесі бар бапкер. Соңғы жылдары жарты жылда Серхипе кубогын жеңіп алған «Лагарто» клубын жаттықтырған.

Абай облысында құрылған жаңа футзал клубы жаңа маусымға толығымен дайын. Жақын арада «Semey» МФК Қазақстан чемпионатының бірінші турында «Ақтөбе» командасымен кездеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға