Жаңалықтар

Абай облысында үш адамның мәйіті табылды

Денелерінде зорлық-белгілері анықталған жоқ
Абай облысында үш адамның мәйіті табылды
Фото: polisia.kz 03.12.2022 21:30 1192

Абай облысында 3 жасар баланың, әйел мен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап. 

28 қарашада Жарма АПБ «102»  арнасына Терістаңбалы ауылының тұрғындары 57 жастағы ер адам мен 56 жастағы әйелдің, 3 жасар баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті.

Денелерінде зорлық-белгілері анықталған жоқ.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тиісті тергеу амалдары басталды.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

ҚПК-ның 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға