Жаңалықтар

Абай облысында үш адам іздестіріліп жатыр

Абай облысында үш адам іздестіріліп жатыр
Фото: Polisia.kz 29.03.2024 04:20 261

Абай облысы Аягөз ауданында суда жоғалып кеткен үш адамды іздеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, Қарағаш ауылының азаматтары МТЗ 82 маркалы тракторымен «Шалқар» шаруа шаруашылығынан Қарағаш ауылына қарай бет алған.

Аталған трактор көлігіндегі екі ер адам  жолды қысқарту үшін өзенді кесіп өтпек болған, алайда су деңгейінің көтерілуіне байланысты, олар өзеннің ортасында қалып қойған, бүгінгі күні аталған азаматтардың нақты қайда екені белгісіз күйде қалып отыр, - делінген мәліметте.

Сондай-ақ 23 наурыздан бері Аягөз өзенінен өтпек болып, аттан суға құлап кеткен 46 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Зардап шеккендер көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына қатысқан азаматтар емес.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға