Жаңалықтар

Абай облысында ТЖД су айдындарын тексеріп жатыр

Абай облысында ТЖД су айдындарын тексеріп жатыр
Фото: Видеодан кадр 24.03.2024 22:34 351

Абай облысы ТЖД қызметкерлері 68303 әскери болімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, облыс бойынша су айдындарында профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Патрульдеу Шүлбі су қоймасында, Семей қаласы, Курчатов қаласы, Бородулиха және Бесқарағай аудандарының әкімшілік аумақтарындағы Ертіс өзенінің жағалау бойында жүргізілуде.

Іс-шараға 30-дан астам адам қатысуда. Абай облысының ТЖ департаменті мұздың өте алдамшы екенін еске салады, сыртқы түрі мықты көрінгенімен, су қоймалары ашылғанға дейін күн мен тұман оны кеуекті, борпылдақ етеді. Мұндай мұз адамның салмағын көтере алмайды.

Егер сіздің көз алдыңызда су айдынында немесе оның жанында қараусыз қалған балалар болса, бұл туралы шұғыл қызметтер – «112» телефоны арқылы дереу хабарлаңыз, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға