Жаңалықтар

Абай облысында сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна шөпті өртеп жіберді

Абай облысында сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна шөпті өртеп жіберді
Фото: © Polisia.kz 06.11.2023 16:05 702

Оқиға Ақсуат ауданындағы жергілікті тұрғындардың бірінің үйінде болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицейлер шөпті екі бала өртеп жібергенін анықтады. Жергілікті мектеп оқушылары сіріңкемен ойнап отырып, кездейсоқ шөпті өртеп жіберген. 

Шығын көлемі 4 млн теңгені құрады. Балалар келтірген залалды олардың заңды өкілдері қалпына келтіруі керек.

ҚР ҚК-нің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Егер балалардың қараусыз қалуы нәтижесінде өрт біреуге зиян келтірген орын алса, онда ата-аналар бұл үшін заңда белгіленген тәртіппен жауап беретінін есте ұстаған жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға