Жаңалықтар

Абай облысында қар құрсауында қалған 381 адам эвакуацияланды

Абай облысында қар құрсауында қалған 381 адам эвакуацияланды
Фото: ҚР ТЖМ 17.02.2024 01:32 544

Көкпекті ауданында адамдарды құтқару бойынша арнайы операция аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта қар құрсауынан 381 адам, оның ішінде 19 бала құтқарылды. Құтқарылғандар жылыту пункттерінде орналастырылған.

Қазіргі уақытта қар құрсауында қалған барлық машина тексерілді. Одардың ішінде адамдар жоқ. Барлығы құтқарылып, жылыту пункттерінде орналастырылған.

Ертең таңертең жолды тазарту және техниканы қар үйінділерінен шығару жұмыстары жалғастырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға