Жаңалықтар

Абай облысында өрт кезінде екі адам құтқарылды

Абай облысында өрт кезінде екі адам құтқарылды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 25.03.2024 12:53 304

Абай облысында өрт кезінде екі адам апаттан құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Тілсіз жау бүгін сағат 09:55-те Семей қаласында 2 пәтерлі тұрғын үйде өрт шыққан.

Өрт бірден үйдің шатырына көшті. Залал келген аумақтың ауданы 120 шаршы метрді құрап отыр. ТЖД күшімен үйді жалға алушы 1977 жылы туған әйел және оның 2009 жылы туған қызы құтқарылып, ауруханаға жеткізілді. Сағат 10:24-те өрт оқшауланды. Сағат 10:56-да өрт толық сөндірілді, - деді өңірдің ТЖД-нің баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр. ТЖД жеке құрамынан 18 адам және 3 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға