Жаңалықтар

Абай облысында Наурыз мерекесіне орай жаңа мешіт ашылды

Абай облысында Наурыз мерекесіне орай жаңа мешіт ашылды
Фото: gov.kz 22.03.2023 14:12 1433

Жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлердің қолдауымен бой көтерген мешіт 100 адамға арналған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мешіттің салтанаты ашылуына жергілікті тұрғындар, кәсіпкерлер, мешіт қызметкерлері және Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков, облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мұрат Алин қатысты. Бірінші ақсақалдар батасын беріп, мешіт қариы құран аятын оқыды.

- Көктемнің шуақты күні Семей қаласында қуанышты шара өтіп жатыр. Барлықтарыңызды осы қуанышты күнмен құттықтаймын. Бұл мешіт облысымызда, осы жердің тұрғындарына жақсы қызмет етеді,- деді облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мұрат Алин.

Абай облысының бас имамы Асқар Мұқанов мешіт құрлысына қолдау көрсеткендерге алғыс хат табыстап, өз ризашылығын жеткізді.

Облыс әкімінің атынан Шалқар Байбеков жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен және қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтады.

- Келе жатқан Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен, қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын. Осы мереке күндерін облысымыз ерекше атап өтіп жатыр. Бұл жерде жастарымыз жақсы тәрибе алып, ел дамуына өз үлестерін қосады деп ойлаймын,- деді облыс әкімінің орынбасары.

Мешіт мұнарасының биіктігі – 15 метр болса, ал күмбезінің диаметрі - 4,5 метр, биіктігі – 2,5 метрді құрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға