Жаңалықтар

Абай облысында мектепке дейінгі мекемелерде жөндеу жұмыстары басталды

Абай облысында мектепке дейінгі мекемелерде жөндеу жұмыстары басталды
Фото: Абай облысының әкімдігі 19.06.2024 05:41 299

Абай облысының Көкпекті ауданында мектепке дейінгі мекемелерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Биыл облыстық білім басқармасы «Шуақты – Шұғыла» бөбекжайының шатырын ағымдағы жөндеуге қаражат бөлді. Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс өткізіліп, «Finansial Group Allalit» ЖШС жауапты жұмысты атқаратын болды. 

Қазір ғимараттың ішіне жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жақын арада барлығын аяқтау жоспарланған. 

1967 жылы салынған бөбекжай аудан орталығындағы алғашқы мектепке дейінгі мекеме болды. Кейіннен «Бал-ерке» және «Көкпекті Толағайы» балабақшалары ашылды. Бүгінде «Шуақты – Шұғылада» 120 бала тәрбиеленуде, оларға 20-дан аса маман тәрбие береді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға