Жаңалықтар

Абай облысында Халықаралық еріктілер күні аталып өтті

Абай облысында Халықаралық еріктілер күні аталып өтті
Фото: Абай облысының әкімдігі 06.12.2023 03:28 442

Семей қаласында «Кең жүрекпен» еріктілер форумы өтіп, салтанатты шара барысында 2023 жылы атқарылған жұмыс нәтижесі таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігіне сілтеме жасап. 

Адал еңбектеріне алғыс ретінде еріктілерге алғыс хаттар табысталып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Облыстағы волонтерлік ұйымдар өз қызметімен ғана шектелмейді. Олар балалар үйімен және түрлі орталықпен тығыз байланыста жұмыс істейді. Бүгінде еріктілер қоғамдағы жұмыстардан тыс қалмай, әрқашан береке-бірліктің және қамқорлық пен қолдаудың нағыз үлгісін көрсетіп келеді.

Волонтердің өмірлік ұстанымы – адамдарға қолайлы жағдай жасап, қиын уақыттарда әрқашан көмек қолын созу болып табылады. Сондай-ақ біз қоғамдағы өткір мәселелердің де шешу жолдарын әрқашан қарастырамыз. Қазіргі уақытта лудоманияға қарсы бірқатар жобалар әзірленіп жатыр. Болашақта жастардың мәдени ортасын қалыптастыруда аянбай еңбек етпекпіз», - деді еріктілер ұйымының мүшесі Ерасыл Өмірәленов.

Жастар орталығының мәліметінше, Абай облысында 4 мыңға жуық ерікті бар.

Сондай-ақ волонтерлік бағытта жұмыс істейтін 8 қоғамдық бірлестік, оқу орындарында орналасқан 23 волонтерлік ұйым және 19 бастамашыл топ тіркелген. Жыл басынан бері облыста 458 волонтерлік іс-шара ұйымдастырылып, оған 4500-ден астам жас тартылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға