Абай облысында биыл алименттен жалтарып жүрген 130-тан астам борышкер анықталды

 ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/OpenAI
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/OpenAI

Жыл басынан бері Абай облысының полицейлері алименттен жалтарып жүрген 130-тан астам борышкерді анықтаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Соңғы тәулік ішінде өңірде алимент төлемей жүрген 2 адам анықталды. 

Аягөз ауданы полиция бөліміне жеке сот орындаушыларынан кәмелетке толмаған балаларын асырауға алимент төлемеген және оларға 3 млн теңгеден астам қарыз болған алимент төлемеушілерді іздестіруге жариялау туралы 2 қаулы келіп түскен.

Іздеу іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері бір тәулік ішінде борышкерлердің орналасқан жерін тапқан. Енді сот орындаушылары қарызды өндіріп алады.
 

 

Оқи отырыңыз