Жаңалықтар

Абай облысында бір үйдің ұлы мен қызы жоғалып кетті

Абай облысында бір үйдің ұлы мен қызы жоғалып кетті
Фото: Абай облысы ПД баспасөз қызметі 09.04.2024 16:17 2664

Абай облысында 7 сәуірде бір үйдің 2 баласы жоғалып кетті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жоғалғандар - 2005 жылы туылған Алтынай Әбішева мен 2008 жылғы Абзал Әбішев. Олар 7 сәуірде сағат 15:00 шамасында Семей қаласындағы Восточный левый елді мекеніндегі үйінен шығып, сол күйі хабарсыз кеткен.

Алтынайдың белгілері: бойы - 160-165 см, дене бітімі - арық, шашы - қара. Үстінде етегі тізеге дейін жететін жасыл болон курткасы, қара түсті футболкасы, қара түсті кроссовкасы бар.

Абзалдың белгілері: бойы - 175-180 см, дене бітімі - арық, шашы -  ашық түсті, оң көзінің астында тыртығы бар. Үстінде - қара түсті жеңсіз күртеше, көк түсті футболка, қара түсті джинсы, қара түсті кроссовка.

Алтынай мен Абзалды көргенде болса 102 телефон нөміріне қоңырау шалу сұралады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға