Абай облысында балшыққа батқан жылқы үш күннен соң құтқарылды

 Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Абай облысының Жарма ауданында жылқы балшыққа батып қалған. Оқиға Ақ школа көлінің шетінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мал иесінің айтуынша, жылқы үш күн бұрын балшыққа батып, оны өздігінен шығара алмаған.

Құтқарушылар арқанды пайдаланып, төрт түлікті тартып шығарды. 

Оқи отырыңыз