98 жастағы облыс тұрғыны Әбдеш Имаханов салтанатты іс-шараға қатыса алмағадықтан облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев еңбек ардагерінің үйінк арнайы келіп құттықтап, «Құрмет» орденін табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әбдеш Имаханов Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосты. Жүзді алқымдаған ақсақалдық мұрасы бүкіл өңірдің мақтанышы десе артық емес.
Әбдеш Имаханов өзінің бар ғұмырын туған өңірін көркейтуге арнады. 1970-1978 жылдар аралығында ауылдық кеңесті басқарып, ауданның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Еділбай қойының тұқымын жаңғырту бағытында үлкен жұмыс атқарды. Осы саладағы жетістіктерінің арқасында совхозға «асыл тұқымды мал өсіргені» үшін сертификатпен берілді. 2002 жылы Әбдеш Имаханов Қасқабұлақ ауылдық округіндегі «Шиліөзек» учаскесінде «Әбдеш ата» атты жеке шаруа қожалығын құрды.
Ақсақалдың жеткен жетістігі ауыл шаруашылығындағы қажырлы еңбегімен ғана шектелмейді. Әбдеш Имаханов өзінің көпбалалы отбасымен мақтанады. Ардагер 10 бала өсіріп, бүгінде 37 немере, 24 шөбере сүйіп отыр. Еңбек ардагерінің отбасылық құндылықты дәріптеуі және қоғам өміріне белсене араласуы болашақ ұрпаққа үлгі.
Абай облысында 98 жастағы ардагерге "Құрмет" ордені берілді
Оқи отырыңыз
9 Сәуір, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды8 Сәуір, 17:20
Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?8 Сәуір, 09:02
140 балл және «Алтын белгі» мектебі: жоғары нәтиженің құпиясы неде?3 Сәуір, 10:03
«Таза ауада серуендемейді»: дәрігер бала дамуының кешеуілдеуіне әсер ететін факторларды атады