Жаңалықтар

Абай облысында 30 отбасы мерекеде баспаналы болды

Абай облысында 30 отбасы мерекеде баспаналы болды
Фото: Абай облысының әкімдігі 17.12.2023 07:37 676
Абай облысы ️Жарма ауданында 30 отбасыға жаңа үйлердің кілттері табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыстық әкімдікке сілтеме жасап.
 
Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Жарма ауданында жаңадан салынған тұрғын үйлер пайдалануға берілді.
Жарма ауданы Қалбатау ауылындағы Достық көшесінде жаңадан салынған 3 қабатты 30 пәтердің кілттері табысталды. Көп балалы отбасылар мен әлеуметтік осал топтар санатындағы тұрғындар баспаналы болды, - деп жазылған хабарламада.
Жалпы аудан бойынша "Қуатты Өңірлер ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы аясында Қалбатау ауылында Искакова көшесінде 25 үй немесе 50 пәтер және Достық көшесінде 30 пәтерлі 3 қабатты тұрғын үй, Шар қаласында 5 үй немесе 10 пәтер пайдалануға берілген.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға