Жаңалықтар

Абай облысында 15 жасар қыз жоғалып кетті

Абай облысында 15 жасар қыз жоғалып кетті
Фото: © Polisia.kz 05.11.2023 01:28 667

Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жасар қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Валерия Ефанова 2 қараша сағат 08:30 шамасында колледжге оқуға кетіп, қазіргі уақытқа дейін оралмаған. Үстінде ақ түсті күрте, аяқ киімі ақ, ақшыл түсті сөмкесі бар. 

Жасөспірімнің белгілері: дене бітімі арық, көздері жасыл, шаштары ақшыл, иығын дейін. Кәмелетке толмаған баланың орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда +7 (707) 951-46-65, +7 (707) 503-26-43 телефон номерлеріне немесе 102 арнасына хабарласуыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға