Жаңалықтар

Абай облысы жылыту маусымына қаншалықты дайын

Абай облысы жылыту маусымына қаншалықты дайын
Фото: Әлеуметтік желіден 07.09.2023 23:33 438

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласының жылумен жабдықтау нысандарын аралап, жылу желілерінің жай-күйін және жөндеу жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аймақ басшысы П-1-ден П-4-ке дейінгі магистральдық желіні, Селевин көшесіндегі жылу желісін, ЦТП-401 орамішілік жылу желісін, ЖЭО-1-ден П-1-ге дейінгі магистральдық учаскелеріне барды.

Жылыту маусымы жақындап келеді, жұмыс қарқынын арттыру қажет. Жұмыстың белгіленген мерзімде аяқталуы үшін әрқайсыңызға жеке жауапкершілік жүктелгенін тағы да еске саламын. Халық уақытында жылумен қамтамасыз етілуі тиіс, - деді әкім.

Сондай-ақ өңір басшысы тиісті бөлімдерге жергілікті жерлердегі жұмыстардың барысын үнемі тексеріп отыруды тапсырды. Жылыту маусымына дайындық облыс әкімінің жеке бақылауында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға