Облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысына қатысты тергеуді аяқтады.
Ол өзінің қарамағындағылар арқылы аудандық қызметкерден өз бөлімшесіне ауысқаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алу бойынша күдікке ілінді. Жоғарыда аталған барлық лауазымды тұлғалар пара алу фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
20 мамырда облыс прокуратурасы қылмыстық істі сотқа берді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Абай облыстық полиция басқармасының басшысын тергеу аяқталды
Оқи отырыңыз
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды