Жаңалықтар

Абай болыңыз! Құтқарушылар астаналықтарға ескерту жасады

Абай болыңыз! Құтқарушылар астаналықтарға ескерту жасады
Фото: © El.kz 30.11.2023 12:01 509

Астанада бүгін көктайғақ болуы мүмкін. Осыған байланысты қалалық ТЖД тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астана қаласында 30 қараша күні ауа райының тұрақсыздығына, температураның өзгеруіне және қатты жауын-шашынға байланысты көктайғақ күтілетінін мәлім етті.

Астана әкімдігі ауа райының қолайсыздығына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғаларға тап болмас үшін сақтық ережелерін сақтауды сұрайды.

Елордалық құтқарушылар қала тұрғындарынан далада жүргенде сақ болуды, төтенше жағдай туындағанда 112 телефоны бойынша шұғыл қызметтерге қоңырау шалуды сұрайды. Әсіресе көшеден өтер кезде өте мұқият болуға, сондай-ақ мектеп оқушыларын көктайғақ кезінде сақтық ережелерін сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға