Жаңалықтар

Ақылбек Күрішбаев сенаттан кетті

Ақылбек Күрішбаев сенаттан кетті
Фото: baq.kz 12.10.2022 22:26 1762

Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаевтың өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz.

Ведомствоның мәліметінше, комиссия Конституцияның 52-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес қаулы шығарған.

«Парламент Сенатының депутаты Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін. Парламенті Сенатының депутаты Күрішбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Парламент Сенатына енгізілсін», - делінген құжатта.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға