Жаңалықтар

Ақтаудағы жаңа Достық үйінің есігі келем деушілерге ашық

Ақтаудағы жаңа Достық үйінің есігі келем деушілерге ашық
11.09.2018 05:46 3265

Ақтауда жақында бес елдің басшыларының қатысуымен Каспий Саммиті өткен Достық үйінің жаңа ғимаратында «Назарбаев зияткерлік мектебінің» оқушыларына арналған ашық сабақ өтті.

«Коғамдық келісім» КММ-сі ұйымдастырған ашық сабақ Ақтау қаласының 55 жылдығына арналды.   

«Қоғамдық келісім» КММ-нің этномәдени бірлестік өкілдерімен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Самира Абдуллаева оқушыларға арнап Достық үйі бойынша экскурсия ұйымдастырды. Оның барысында кең жарқын жұмыс бөлмелері мен мәжіліс өтетін залдарды аралатты, Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі қызметі, бағыты, міндеті туралы кең ауқымды ақпарат берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға