Жаңалықтар

АҚТАУДА VIII ОБЛЫСТЫҚ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

АҚТАУДА VIII ОБЛЫСТЫҚ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
27.10.2018 08:09 2035

Ақтаудағы Достық үйінде VIII Облыстық Азаматтық форумы өтті.

Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен, Маңғыстау облысы Азаматтық альянсының ұйымдастыруымен «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Ынтымақтастық. Жауапкершілік» тақырыбында VIII Азаматтық форум өтті.

Форумның басында «7 спикер» деп аталатын бөлімде ҮЕҰ жетекшілері өздерінің тарихы мен шеберлік сағаттарымен бөлісті. Содан соң, сұхбат алаңында «Мемлекет, бизнес және ҮЕҰ: диалог және ынтымақтастық» және «Үкіметтік емес ұйымдарының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырылуына тартылуы» тақырыбында дискуссия өтті.

Форумның пленарлық отырысының ашылуында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов және Қазақстанның Азаматтық Альянсы вице президенті, қоғам қайраткері, саясаттанушы, «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестіктің төрағасы Көшім Досмаханбет құттықтау сөз сөйледі.

Сонымен қатар, «Тағылым» жастар қоғамдық бірлесітігі жетекшісі – Асқар Сағиджанов Форумның қорытынды ұсыныстарын келтіріп, «Өркениетті келешек» қоғамдық қоры жетекшісі Гүлбаршын Қарабалина Қазақстанның VIII Азаматтық Форумына делегаттардың тізімін бекітті. Форум соңында Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері алғыс хаттармен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға