Жаңалықтар

АҚТАУДА ӨҢІРЛІК ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТУДЕ

АҚТАУДА ӨҢІРЛІК ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТУДЕ
14.11.2018 05:47 1630

Ақтау қаласында өңірлік этномәдени бірлестіктердің басшыларына арналған екі күндік практикалық семинар өтуде. 

Маңғыстау облысы «Достық үйі» ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын талқылау бойынша «Қоғамдық келісім» КММ, өңірлік этномәдени бірлестіктердің басшыларына арналған тоқсандық практикалық семинар-кездесу өтуде.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Н. Шанаи, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р. Сәкеев, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ҚХА кафедрасының меңгерушісі А. Башмаков, ҚХА мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ мен этномәдени бірлестіктердің басшылары, білікті медиаторлар, мәдениет саласындағы қайраткерлер, ЖОО мен БАҚ өкілдері қатысты.

Анатолий Башмаков «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы мәнмәтініндегі қазақстандық бірегейліктің әлеуеті» тақырыбында, Қызылорда облысы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы – Уәлихан Ибраев Қызылорда облысының (этнобағдарланған) аудандық қоғамдық бірлестіктерінің жұмысы туралы, «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Астана қаласындағы еңбек мигранттарын қолдау және оқыту орталығының басшысы – Шавкат Исмаилов «ЕАЭО интеграциялық үдерістер мәнмәтініндегі еңбек көші-қоны. Бейімделу және интеграция мәселелері» атты баяндамасын қорғады.

Сонымен қатар, кәсіби медиатор, ҚХА медиатор-тренері, педагог – Бақыт Түсіпбекова «Қазіргі қоғамдағы медиацияның рөлі» туралы мектеп медиациясы жөнінде семинар өткізді.

Бағдарламада «Отпан Тау» тарихи-мәдени кешеніне, Ақсарай музейіне, Адай ата кесенесіне, Серікбол Қондыбай атындағы музейге, Шетпе ауылына бару көзделген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға