Жаңалықтар

Ақтауда дүнген этномәдениетінің орталығы ашылды

Ақтауда дүнген этномәдениетінің орталығы ашылды
06.03.2019 05:41 1795

Ақтауда Маңғыстау облысы дүнген этномәдениеті орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

«Қазақстанда тұрып жатқан  елу алты мыңнан астам дүнгендер халқының 100-ден астамы  Маңғыстау облысында тұрады. Облысымыздағы дүнген диаспорасы үшін бұл мерекенің мәні зор.  Бұл айтулы күні қолдау көрсетіп, бізбен бірге тойлауға келген достарымызбен қуанышымызды бөлісіп отырмыз. Дүнген халқы Тәуелсіз Қазақстанда достық қарым-қатынаста тұрып жатқан, бірлігі жарасқан  үлкен отбасының бір мүшесі. Бұл этностың өкілдері еліміздің өсуіне, экономиканың дамуына барынша үлестерін қосып келеді.  Қазіргі заман дүнгендері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін сақтай отырып, қазақ халқының және өзге де ұлттың дәстүрлерін бойларына сіңіріп келеді», - деді Маңғыстау облыстық дүнген этномәдениеті орталығының төрайымы Роза Ибрагимова.

«Қоғамдық келісім» ҚХА жаңа ғимаратының үлкен кең залында көптеген шығармашыл студенттер мерекелік концерт ұйымдастырды. Олар қазақ және дүнген халықтарының мәдениетімен таныстыратын ұлттық билерді және басқа да мерекелік нөмірлерді көрермендер назарына ұсынды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР: 

 

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АССАМБЛЕЯСЫ АҚТАУДЫҢ 55-ЖЫЛДЫҒЫ МЕН ТІЛДЕР КҮНІН АТАП ӨТТІ

АҚТАУДАҒЫ ЖАҢА ДОСТЫҚ ҮЙІНІҢ ЕСІГІ КЕЛЕМ ДЕУШІЛЕРГЕ АШЫҚ

АҚТАУДА МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕСТІҢ ӘРІПТЕСТІГІ НЕГІЗІНДЕ ЗАМАНАУИ СТУДЕНТТЕР ЖАТАҚХАНАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға