Жаңалықтар

Ақтөбеде сот ғимараттары «миналанған»

Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ
Ақтөбеде сот ғимараттары «миналанған»
Фото: polisia.kz 24.08.2022 14:35 1579

Ақтөбеде сот ғимараттарының миналанғаны туралы жалған хабарлама келген, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

24 тамызда таңғы уақытта Қарғалы аудандық сотының электронды мекенжайына ғимаратқа жарылғыш зат салынғаны туралы хабарлама келіп түсті. 

Дәл осындай хабарлама Ақтөбе облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына, Ақтөбе қаласының сотына, Ақтөбе қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотына және Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына да келіп түскен. Оқиға орнына шұғыл ден қоюдың барлық күштері жұмсалды. 

Сол жерде саперлер жұмыс істеп, ғимаратқа тексеру жүргізілді. Барлық қажетті іс-шаралар өткізілді. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.

 Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 Ақтөбе облысының Полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау қылмыстық құқық бұзушылыққа жататынын және ҚР ҚК-нің 273-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға