Жаңалықтар

Ақмолалық тұрғын гаражында алтын кенін өңдейтін шағын цех ұстаған

50 жастағы ауыл тұрғынының айтуынша, ол жабдықты өзі жасаған
Ақмолалық тұрғын гаражында алтын кенін өңдейтін шағын цех ұстаған
Фото: polisia.kz 05.10.2022 21:14 1761

Ақмола тұрғыны гаражында құрамында алтын бар кенді қайта өңдеу бойынша шағын цехын ұстаған, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

3 қазанда Ерейментау полиция бөлімінің қызметкерлері Тайбай ауылының тұрғындарының бірінің гаражынан кварц кенін қайта өңдеу бойынша шағын цехты тауып алды. Бұл факт ҚР ҚК 295-1-бабы 1-бөлігі бойынша “Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

50 жастағы ауыл тұрғынының айтуынша, ол жабдықты өзі жасаған, ал құрамында алтын бар материалды үйінділерден жинаған. 

Тінту жүргізу барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері гараждың түкпір қоймасынан шарлы ұсақтау қондырғысын, жуу үстелін және ұсатқышты, жалпы салмағы 100 кг-ға жуық 20 металл шарды, ұсақтау қондырғысын іске қосуға арналған электрондық датчикті, электр энергиясын біркелкі беруге арналған релені, электр катушкасын, қолөнер тәсілімен жасалған сепараторды, қоспаларды қайта өңдеу үшін мырышталған 2 ваннаны, ақшыл сұр түсті ірі тастары бар 7 қапты, металл және пластикалық воронкаларды, резеңке шлангісі бар металл бакты, ақшыл сұр түсті банканы, сұр ұнтақпен толтырылған контейнерді тауып алып, тәркіледі. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тергеу жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға