Жаңалықтар

Көкшетауда шот-фактура жазумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Салық төлеуден жалтару арқылы мемлекетке жалпы сомасы 184 миллион теңгеден астам шығын келтірген
Көкшетауда шот-фактура жазумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: pexels.com 05.08.2022 15:23 1068

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жалған шот-фактураларды берумен айналысқан ұйымдасқан топ құру және оны басқару фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды El.kz агенттікке сілтеме жасап.

Ұйымдасқан қылмыстық топ Көкшетау қаласында 2016 жылдың ақпан айынан 2019 жылдың шілде айына дейінгі аралықта өз қызметін жүзеге асырған кезеңде мүліктік пайда алу мақсатында контрагент кәсіпорындарға тауарларды жеткізбей, жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, бірнеше рет жалған шот-фактуралар берген. Кейін заңсыз жолмен алынған қаражат ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері арасында таратылған. 

Салық төлеуден жалтару арқылы «Фирма Строинвест Астана» ЖШС, «Алад-Көкше» ЖШС мемлекетке жалпы сомасы 184 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Сот үкімімен кінәлілер жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу арқылы қылмыстық жолмен табылған сомадағы қаражаты тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға