Жаңалықтар

Ақмолада Qnet қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысына қатысты тергеу басталды

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Ақмолада Qnet қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысына қатысты тергеу басталды
Фото: egemen.kz 19.08.2022 11:19 1190

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактісі бойынша қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады,– деп хабарлайды El.kz порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Салымшыларды тарту схемасы жалған саяхатшының картасы шотына 2 000 АҚШ долларын салуды және оның орнына 6 900 АҚШ долларын алуды қамтыды. Бұл ақша шетелдік қонақүйлердегі қызмет құнының 80%-ын төлеуге жұмсалуы туралы жалған ақпарат тараған.

 Ақша болмаса, 5 смарт сағат сатып алуға онлайн несие беру ұсынылды. Салымшылар смарт сағат алмаған, орнына «Qnet Mobile» қосымшасындағы жалған шотқа «Экардтар» түсіп отырған. Оларды жолаушы картасын сатып алғанда пайдалануға болады.

Ұйымдастырушылар 8,5 миллион теңге көлеміндегі қылмыстық кірістің бір бөлігін қазақстандық банктердің біріндегі депозиттік шоттарға салып, депозит бойынша сыйақы түрінде қосымша табыс алған», - делінген ресми хабарламада.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР КПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Еске салсақ, Көкшетауда «Qnet» қаржы пирамидасының басшылары 2 айға қамалған болатын.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға