Жаңалықтар

Ақмола облысының Достық үйлері жанында «Aibyn» әскери-патриоттық клубтары ашылады

Ақмола облысының Достық үйлері жанында «Aibyn» әскери-патриоттық клубтары ашылады
06.02.2019 06:12 1582

Болашақ отан қорғаушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру ісін Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-сі өз қолына алды, әрі облыстық білім басқармасы, қалалық білім бөлімі, полиция департаменті, облыстық қорғаныс істері департаменті, Көкшетау қалалық жалпы білім беру мекемелерінің алғашқы әскери дайындық оқытушылары өкілдерінің басын қосқан дөңгелек үстел өткізді.

Көкшетау қаласындағы Достық үйінде және аудандық, қалалық және облыстық деңгейде «Aibyn» әскери-патриоттық клубтарын құру ісі дөңгелек үстелдің күн тәртібіне айналды.

Іс-шара модераторы  – «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ төрағасы, ҚХА кәсіпкерлері қауымдастығы төрағасының орынбасары Умар Шоназаров клубтарды ашудың мақсаты мен күтілетін нәтижелері туралы айтып өтті.

«Жастарға арнап әскерилер, құқық қорғау органдарының, арнайы атақтар мен әскери ордендер иелерінің қатысуымен мотивациялық алаң құруымыз қажет, осы жұмысқа үлгі көрсетулері үшін қарулы күштер және құқық қорғау органдарының ардагерлерін тартуымыз қажет, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге жағдайлар жасауға тиіспіз. Ал жастар үшін жаңа белестерді бағындырудың негізгі алғы шарты ерлік істер тарихын сақтау болып саналады. Жастар ол іске белсенді қатысып, ардагерлерге көмектесіп, әскери дайындықтың негіздерін меңгерулері қажет», - деп түйіндеді өз ойын Умар Файзудинович.

Өз алдына «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалыс қауымы Ақмола облысы бойынша филиалының төрағасы Сағидолда Орынбек өңірлік филиалдың атқарған жұмысы туралы ақпарат келтіріп, ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

Ал Ақмола облыстық полиция департаментінің подполковнигі Аягөз Қалиева негізге аларлық құжат есебіндегі жобаны жүзеге асыруға мүдделі тараптар арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасаулы қажеттігіне тоқталып өтті.

Іс-шара қатысушылары үстіміздегі Жастар жылы аталмыш жобаның айрықша мәнге ие екендігін, сондықтан да барлық айтылған ескерту, толықтыру мен ұсыныстарды негізге ала отырып жас жерлестерді толық қамту бойынша жоспарларды іске асыру қажет деген бірауызды пікірге тоқталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға