Жаңалықтар

Ақмола облыстық ҚХА Көкшетаудың туған күнін тойлауға белсенді ат салысты

Ақмола облыстық ҚХА Көкшетаудың туған күнін тойлауға белсенді ат салысты
15.07.2019 16:21 4707

Көкшетауда «Қоғамдық келісім» КММ-де № 17 орта мектептің «Мәншүк» қыздар клубының өкілдері, «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қорының төрағасы М. Зәкіров, «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М. Қиықовтың қатысуымен Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды: Ақмола ассамблеясының Көкшетаудың 195-жылдығын тойлауға қатысуы, ұлы қазақ ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаевқа 175 жыл толуына арналған эстафетаны қолдау, сондай-ақ «Қымыз мұрындық» халық дәстүрін көпшілікке танымал ету.

Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесінің мүшелері Көкшетау қаласының туған күніне орайластырылған «Құрак көрпе fest» акциясына белсене атсалысты. Қала тұрғындары қолынан шыққан он алты шақырым көрпеде ҚХА шеберлерінің де үлесі зор. Аналар кеңесінің мүшесі Ү. Ементайқызы көрпе тігу жұмысы қалай жүргенін және суреттегі әр түс нені бейнелейтінін толық айтып берді.

Отырыстың екінші мәселесі ұлы қазақ ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаевқа 175 жыл толуына арналған эстафетаны қолдау болды. Жаңа ақындық акцияны бастаған 9-жасар қыз – Ләйлім-Шырақ. Ол Абай өлеңінің жолдарын оқып, эстафетаны оның бастамасын қолдаған ел президенті Қ.К. Тоқаевқа берді.

DSC_0325.JPG

Аналар кеңесі эстафетаны жалғастыру бастамасын көтеріп, «Мәншүк» қыздар клубының жетекшісі А. Жазиева және оның шәкірттері қазақ классигінің өлең шумақтарын оқып берді.

Отырыстың үшінші мәселесі - «Қымыз мұрындық» халық дәстүрін көпшілікке танымал ету. Оның тарихы бірнеше мыңжылдыққа созылады. Дәл сол уақытта көшпелі халықта қонақтар мен көршілерге алғашқы қымыздан дәм татқызып, бөлісу сияқты дәстүр пайда болды. Бүгінгі күні қымыз еліміздің ұлттық брендіне айналды.

«Қымыз мұрындық»-тың пайда болу тарихы туралы «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М. Қиықов және Аналар кеңесінің мүшесі К. Қайреддинова айтып берді.

Отырыстың соңында Мейрамбек Қиықұлы бата беріп, ал қонақжайлы Зере Еспайқызы бәрін мерекелік дастарханға шақырды.

Әсем Жұмабекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға