Жаңалықтар

«Ағайындылар» фильмі Германиядағы кинофестивальде жүлделі болды

Oldenburg International Film Festival 14-18 қыркүйек аралығында өткен болатын
«Ағайындылар» фильмі Германиядағы кинофестивальде жүлделі болды
Фото: t.me/Madeniet_zhane_sport_ministrligi 28.09.2022 13:40 969

Қазақстандық режиссер Дархан Төлегеновтің «Ағайындылар» дебюттік толықметражды фильмі Oldenburg International Film Festival (Германия) кинофестивалінде жүлдеге ие болды. Бұл туралы El.kz порталы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кинокартина қазылар алқасының арнайы сыйлығы - «Spirit of Cinema» («Кино рухы») аталымымен марапатталды. Жүлде ретінде режиссерге қола мүсінше табысталды.

«Ағайындылар» - Ольденбург халықаралық кинофестивалінде көрсетілген алғашқы қазақстандық фильм. Сонымен қатар, картина АҚШ, Канада, Ресей және Албаниядағы фестивалдердің ресми бағдарламаларына кірді. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген фильм отандық прокатқа келесі жылдың басында шығады.

Айта кетсек, Oldenburg International Film Festival 14-18 қыркүйек аралығында өткен болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға