Абай сөздері уақыт өтсе де, өз мәнін жоғалтпақ емес

09.01.2020 3173
Музей қызметкерлері «Абай мұрасы» жаңа ғимаратын салу қажеттілігін толығымен қолдайды...

2019 жылдың 30 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын» мерекелеу туралы Заңға қол қойған болатын. Осы орайда, бүгін мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына байланысты мақаласы жарияланды. Осы мақала аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі қызметкерлері өз пікірлерін ортаға салды.

 

Арман Қайратұлы Құрманғалиев,

ҚР Ұлттық музейі археология және этнография бөлімі ғылыми қызметкері:

- Халқымызда тамаша сөз бар. «Ғалымның хаты өлмейді жақсының аты өлмейді», - деген. Қазақ топырағы елімізде елге жақсылығымен кемеңгерлігімен өшпес із қалдырған тұлғаларға кенде емеспіз. Содай қайталанбас тұлғамыз ол Абай Құнанбайұлы өзінің артынан өшпес із қалдырды.

Биыл бабамыздың дүниеге келгеніне 175 жыл толып отыр. Арада қанша уақыт өтсе де Абай мұрасының ашылмаған қыры көп жұмбақ. Абайды оқысаң рухани байығаның. Еліміздің президенті Абай жылы деп жариялап, ауқымды іс-шара ұйымдастыруда. Бұл бастама өте орынды деп санаймын. Бабадан қалған мұраны сақтап келешек ұрпаққа мирас ету - баршамыздың парызымыз деп түсінгеніміз дұрыс болады!

 

Айгүл Нұрединқызы Рахтаева,

ҚР Ұлттық музейі, Экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің әдіскері:

- Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғамдық сананы қайта түлетудің маңыздылығына тоқталған болатын. Яғни, сананы жаңғырту арқылы ХХІ ғасырда Қазақстанның жаңа серпінмен дамуына жол ашылары сөзсіз.

Мен музей қызметкері ретінде мемлекет басшысының: «Жидебайда музейге арнайы лайықталған «Абай мұрасы» атты жаңа ғимарат салу қажет», - деген сөзін толықтай қолдаймын. Өйткені, әлем таныған Абай бабамыздың мұрасы арнайы шетелдіктер және қазақстандықтар үшін қолайлы болуы керек».

 

Айгүл Шыңғысқызы Айбосынова,

ҚР Ұлттық музейі, Экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі:

- Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақтың ұлы хәкімі – Абай Құнанбайұлы туралы мақаласын толықтай оқып шықтым. Мақалада ұлы ақынның елімізге тигізген үлесі және өлеңдеріне талдау келтірілген екен.

Мақаланың ерекше ұнаған тұсы: «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды», – деген сөзі еді. Иә, рас, қазіргі кезде бәсекеге қабілетті болу үшін бірнеше тілді еркін меңгеріп алған абзал деп есептеймін».

 

Пердехан Мұсырманқұл,

ҚР Ұлттық музейі, Археология және этнография бөлімінің жетекшісі:

- «Абай – қазақтың бас ақыны. Абайды оқып түсіну, оның мол мұрасын зерттеу және келер ұрпаққа жеткізу – біздің парызымыз. Абай қатардағы жай ақын емес, өз заманның көшбасшы. Себебі оның өлеңдері ғана емес, мол тәрбие құралы болып саналатын – қара сөздері де бізге таныс. Онда ақын бала тәрбиесі, ата-анаға құрмет, бос уақытты тиімді пайданалану, білімге құштарлық, еңбекке баулу сынды маңызды мәселелер  туралы сөз етеді. Абай сөздері қанша уақыт өтсе де, өз мәнін жоғалтпақ емес»!


Бөлісу: