Жаңалықтар

9 тілді үйрететін Көкшетаудың «Шаңырақ» мектебінде «Соңғы қоңырау» соғылды

9 тілді үйрететін Көкшетаудың «Шаңырақ» мектебінде «Соңғы қоңырау» соғылды
29.05.2019 18:06 2598
Көкшетаудың «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінде оқу жылының аяқталуына орай «Соңғы қоңырау» мерекелік іс-шарасы өтті.

Әлдекім жазғы каникулдан кейін күш жинап мектепке оралса, енді бірі оның қабырғасын тастап, «түлек» деген зор атаққа ие болды.

DSC_0213.JPG

Мерекеге қатысқан меймандар балаларға сәттілік тіледі. Оның ішінде Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марзият Тохаева өз сөзінде «Тілдік мектеп – ерекше. Онда әр түрлі этностың тоғыз тілі меңгеріледі. Бүгінде мемлекет саясаты, елдің Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында әр этностың өз ана тілін оқып-үйренуге мүмкіндігі бар. Этностың тілі, мәдениеті, салт-дәстүрлеріне сый-құрмет көрсететін ел бүкіл әлемге нағыз достық пен бірліктің үлгісін танытып отыр. Мектепті бітірген әр түлек өз жолын таңдайды. Ең басытысы – әрқашан өз елінің патироты болып қала беру керек», - деді М. Юсуповна.
Оқуда табысқа жетіп, қоғамдық белсендліігі үшін мектеп шәкірттеріне алғыс хаттар табысталды. Ұстаздардың да еңбегі елеусіз қалмады.
Облыстық этномәдени бірлестіктер атынан «Ақмола облысының татар және башқұрт бірлестігі» ҚБ төрағасы Рафаил Сулькарнаев мектеп бітірушілерін құттықтады.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға